Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты - новости Казахстана

Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты - новости Казахстана

21 қараша күні таңертең Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы "Қызылорда-Павлодар" автожолынан 982 шақырым жерде "Қушоқы-Қарағанды" жазуы бар жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Қоғамдық көлік салонында 45 жолаушы болған. Жол апаты нәтижесінде Қарағанды облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының күшімен автобустың 2 қысылған жолаушысы шығарылды.

Оқиға орнында 1990 жылы туған азамат көз жұмып, тоғыз адам Қарағандының №1 ауруханасынасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. Зардап шеккендердің ішінде кішкентай нәресте де бар.

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Жол апаты орнында құтқару жұмыстарына бес қызметкер мен Қарағанды облысы жедел-құтқару жасағының бір техникасы, сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығының бір техникасы жұмылдырылды.

Автор
Санжар