KZNews.kz
Қоғам

Қарағанды – Балқаш тас жолында ірі жол апаты: жеті адам тірідей жанып кетті

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Оқиға Kia Sedona көлігінің жүргізушісі бірнеше көлікті басып озуға тырысып, жолда жүріп жатқан жөндеу жұмыстары мен жол белгілерін елемей, жөндеу учаскесіне шығып кетуімен басталған. Көлік жол жиегіндегі темір қоршауға соғылып, қатты соққыдан кейін тұтанып, түгел жанып кеткен.

Апат салдарынан көліктегі жеті адам, оның ішінде балалар да бар, оқиға орнында тірідей жанып қайтыс болды. Тек жүргізуші мен бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдар жол апатының нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары