Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ішімдік ішкен»: Павлодарда тірідей жанып кеткен 6 адам туралы тың дерек шықты

«Ішімдік ішкен»: Павлодарда тірідей жанып кеткен 6 адам туралы тың дерек шықты
Фото: ашықдереккөз

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт толықтай сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға отты абайсыз пайдалану себеп болған. Тергеу барысында жұмысшылардың алдыңғы түні ішімдік ішкені анықталды.

Өрт кезінде үйде жеті адам болған. Оқиға орнынан үш әйел мен үш ер адамның мәйіті табылды. Барлығы шаруа қожалығының қызметкерлері екені белгілі болды.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер келген сәтте үйдің шатыры опырылып, ғимарат толығымен жалынға оранған. От көрші шаруашылық нысандарына да тараған.

1972 жылы туған ер адам ғана үйден өздігінен шығып үлгерген. Ол көмірқышқыл газымен уланған, қазіргі уақытта Екібастұз қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Қазір өрттің нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және отты абайлап пайдалануға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.