Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қар, боран, аяз: «Қазгидромет» 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қар, боран, аяз: «Қазгидромет» 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Ауа райы болжамы қаңтар айы

Ел аумағында ауа райы күрт суытып, бірқатар өңірде қар мен боран болады. «Қазгидромет» синоптиктері 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Мамандардың мәліметінше, солтүстік аймақтарда қатты аяз сақталады. Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде ауа температурасы -24…-26 градусқа дейін төмендесе, күндіз -19…-21 градус болады.

Алматыда бұлтты, қар жауады. Жел 3–8 м/с. Түнде -8…-10, күндіз -1…-3 градус шамасында. Қонаевта да қар жауып, жел 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура -9…-11, күндіз -3…-5 градус.

Шымкент пен Түркістанда ауа райы қолайсыз. Бұл өңірлерде қар жауып, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте түнде шамамен -8, күндіз -3…-5 градус, Түркістанда түнде -10, күндіз -3…-5 градус күтіледі. Таразда жауын-шашынсыз, алайда жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Ақтауда көшпелі бұлт, жел 5–10 м/с. Түнде -2…-4, күндіз +3…+5 градус. Атырауда да жауын-шашын болмайды, түнде -8…-10, күндіз -5…-7 градус. Оралда бұлтты, бірақ қар жаумайды, түнде -18…-20, күндіз -13…-15 градус.

Солтүстік пен орталықта аяз күшейеді. Көкшетауда түнде -30…-32, күндіз -25…-27 градусқа дейін суытады. Қостанай мен Петропавлда түнгі ауа температурасы -32…-35 градусқа дейін төмендейді. Павлодарда қар жауып, түнде -25…-27, күндіз -17…-19 градус болады.

Шығыс өңірлерде де қар күтіледі. Өскемен мен Семейде түнде -18…-21, күндіз -11…-15 градус шамасында. Жезқазған мен Қызылордада жауын-шашынсыз, бірақ аяз сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер