Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазгидромет 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: Ашық дереккөзі

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын азаяды. Алайда батыста жаңбыр, кей өңірлерде тұман мен көктайғақ сақталып, Маңғыстауда нөсер жауын күтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазгидромет» 25 наурызда 2026 жылғы 26-28 наурызға арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, кең аумақты антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жаймашуақ күн райы орнығады.

Дегенмен батыс өңірлерде жаңбыр жауып, түнгі уақытта найзағай ойнауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанған. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады.

Ауа температурасы да біртіндеп жоғарылай түседі. Күндіз батыс пен солтүстік-батыста 15-25 градус жылы, солтүстік пен шығыста 10-17 градус, орталықта 13-24 градус, оңтүстікте 21-30 градус, оңтүстік-шығыста 18-27 градусқа дейін көтеріледі. Ал таулы аймақтарда 10-15 градус жылы болады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер