Дағыстанда ер адам әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Қайғылы оқиға қалыңмалға берілген "Лада Приора" көлігін сату жанжалынан кейін болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Mash мәліметінше, қылмысқа дейін 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық неке қиған. Қалыңмал ретінде берілген "Лада Приораны" ер адам әйелінің келісімінсіз Грозный қаласының тұрғынына 600 мың рубльге сатып жіберген.
Бұл әрекетке наразы болған Мальвина полицияға көліктің ұрланғаны жөнінде арыз түсірген. Сол күні кешке Ражидин «арыз мәселесін талқылау үшін» әйелге барған. Алты күн өткен соң, марқұмның өртенген дене бөлшектері Дербенттен үш шақырым жердегі ауыл маңынан табылған.
Туыстарының айтуынша, әйелдің бірінші некесінен үш баласы қалған.
Күдікті ұсталды. Полиция бөлімінде Ражидин қылмысты жасағанын мойындады.