Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI халықаралық «Золотой Витязь» театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
XVI халықаралық «Золотой Витязь» фестиваліне ресейлік театрлармен бірге Армения, Сербия, Қазақстанның өнер ұжымдары қатысқан. Қазылар барлық театрдың қойылымын тамашалап, үздік спектакльді таңдаған.
Байқауға жүзге жуық спектакль қатысқан.
«Айқын» ақпарат