“Қалаулымдағы” Сұлуфан әнші Әміренің өзін алдап соққанын жайып салды
11.10.2018
05:41
0
0

Барша қазақстандықтардың сүйікті бағдарламасына айналған «Қалаулым» жобасының бірінші маусым қатысушылары бүгінде немен айналысуда? Эфир барысында өз жартыларын таппағандар, өмірде өз серіктерін кездестірді ме? Stan.kz ақпараттық агенттігінің осы және басқа да сұрақтарына бағдарламаға халықтың сұрауы бойынша оралған бірінші маусым қатысушысы Сұлуфан Самат жауап берді.
«Қалаулым» жобасына қандай мақсатпен келдіңіз? Бұл жобаға келуімнің басты себебі – ол әрине, өзімнің жартымды табу болды. Ал екіншіден, мамандығым журналистика саласына қатысты болғаннан кейін, өзімді телевизиялық жобада сынап көруге бел будым. Қазір халықтың көбі пиар үшін келді деп жатады, бірақ ондай мақсатпен келген жоқпын, тек өзімді іс жүзінде сынап көргім келді. Әрине, өзіме сай келетін жартымды осы жобадан тауып жатсам, неге отбасын құрмасқа?! Жалпы жобаға қалай келгеніңіз туралы айтсаңыз… Мен жобаға келмей тұрып, бір құрбым осы бағдарламаға қатысып жүрді. Кейін мен де жобаның Мәди атты қатысушысына үміткер болып келуді ұйғардым. Алайда Мәди басында мені ұнатпай, кері қайтарды. Кейін көрермендердің сұрауы бойынша қатысушы ретінде жобаға қайта оралдым. Сол аралықта Мәди «уақыт өте сен маған ұнадың» деп көңіл қосқан болатынбыз. Екі апта жүріп, еш нәрсе шықпағаннан кейін ара-қатынасымызды үзуге тура келді. Артынша маған үміткер болып Әміре келді, мен бұрын соңды Әмірені әнші ретінде танымаған болатынмын. Бағдарлама аясында екі ай жұп болып жүрдік. Уақыт өте біздің қарым-қатынасымызға оның әкесі қарсылық танытқандықтан Әміре эфирден кетті. Әміреге деген сезіміңіз шынайы болды ма? Әрине шынайы болды. Мен тіпті Әміреге әкесі жобадан шық деген талап қойғанда, мен де эфирден кетейін, бағдарламадан тыс қарым-қатынас құрайық деп ұсындым. Алайда ол ондай жағдайда да әкесі қарсылық танытуы мүмкін екендігін мәлімдеп, қош айтысқан болатынбыз. Әміренің бағдарламаға өзін жарнамалау үшін келгені қаншалықты рас? Негізі осыған қатысты сұрақтың басын ашамын деп жүргеніме біраз уақыт болды. Әміре эфирден кеткеннен кейін маған бір қыз хабарласып, Әміренің менімен қатар өзімен де жүргенін айтты. Басында бұл ақпаратқа сенбедім. Өйткені біз қарым-қатынасымызды бастамас бұрын бәрінің басын ашып алған болатынбыз. Ол кезде қызының жоқтығын айтқан еді. Мен сол сәтте ол адамды қатты жақсы көргендіктен сөзіне сендім, шынымен жобаға мен үшін келген екен деп ойладым. Өкінішке орай, бұл ақпарат расталып, кейін әлгі қызбен жолығып, дәлелдерді көріп көзім жетті. Бірақ Әміре өзінің бұл әрекетін ақтау мақсатында ма білмеймін, тілшілерге берген бірнеше сұқбатында мені жарнама үшін келді, маған өзімен айырылысқаннан кейін тез арада басқа жігітпен сөйлесіп кетті, деп айып таққан. Алайда менің сезімім шынайы болды. Әміреге деген қазір көзқарасыңыз қандай және бүгінде қандай қарым-қатынастасыздар? Әрине, мен Әміренің өнерін бағалаймын, адам ретінде де оны құрметтеймін. Тек өзін жарнамалау үшін келген адамға екі ай уақытымды бос кетіргеніме өкінемін. Және сол себептен де қазір ер балаларға деген сенімім азайып кетті.
Источник: Stan.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ