"Қаламқас" мұнай кен орнында, ұңғымалардың бірінде газ жанды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Өртті сөндіруге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер "Семсер Өрт сөндіруші" ТЖҚ-сы, "Қаражанбас" ТЖҚ-сы атсалысты. Олардың 14 жұмысшылары мен техниканың төрт бірлігі өртті сөндірді", — деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін Қаламқас мұнай кен орнының ұңғымасында штаттан тыс оқиғаның орын алғаны хабарланды. 13 наурыз күні № 8237 ұңғымасының бұрғалануынан газ-су қоспасы атылған еді.
Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы, Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысының экология департаменті бірігіп, "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ-ға қатысты тексеріс жүргізеді. Тексеріс қорытындысы бойынша, сәйкесінше шаралар қолға алынады және қоршаған ортаға тигізілген кесір ескеріледі.
stan.kz