Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді

Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді

28 наурызда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

Министрлік өкілінің сөзінше, 28 наурызда түнгі сағат 1.05-те Қаламқас кенішіндегі №8237 ұңғымадан шыққан өрт сөндірілген. "Қазір газды судың атқылауы тоқтап, грифон жабылды", - деді Жеңісбек.

Жергілікті басылымдар Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкеновке сілтеме жасап, "мұнайдың сыртқа шықпағанын" жазған.

Қаламқас кенішінен өрт, биліктің хабарлауынша, 25 наурызда таңғы 5.46-да шыққан.

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" кенішіндегі ұңғымалардың бірінде апат болып, сыртқа газ-су қоспасы шықты деген ақпарат тараған.

"Қаламқас" кенішін барлаумен - "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы, бұрғылаумен "Si Bu" инженерлік бұрғылау компаниясы айналысады.


Azattyq
Автор
Жандос