Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қалай ұялмайсыздар?!»: Әнші шұрық-тесік жолдар үшін Ақтөбе әкімдігін сынап тастады (ВИДЕО)

«Қалай ұялмайсыздар?!»: Әнші шұрық-тесік жолдар үшін Ақтөбе әкімдігін сынап тастады (ВИДЕО)

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына гострольдік сапармен барып, жергілікті билікті сынап тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz



Әнші шұрық-тесік орталық көшелерін көрсетіп, бұған намыстанып кеткенін айтты.



Құрметті ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңызға рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, орталық көшелердегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр, – деді Ысқақова ашуланып.

Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің сынымен келісіп, қолдай кеткен.

Автор
Еркебұлан