KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың "басы" 120 мың теңгеге сатылып жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Қазақстандық интернет-сайттардың бірінде "Қайрат Нұртас" қуыршақ сатылымға қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұтынушылар арасында айтарлықтай танымал Satu.kz алып-сату сайтында Қайрат Нұртасқа ұқсатылып жасалған қуыршақтың басы сайтта 120 мың теңге деп бағаланған, сондай-ақ қосымша ақы төлеп толық костюмді сатып алуға болады.

Жарнаманың авторы әншінің «басы» гипспен араластырылған қағаз массасынан жасалғанын, ал шаштары жасанды теріден екенін жазған. Қуыршақ тапсырысқа жасалатынын да жазып өткен. 


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →