Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас сотқа тартылды

Қайрат Нұртас сотқа тартылды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас (шын аты-жөні Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.


Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі растады.

"Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті", - деп пікір берді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы Сот.

Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.

Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлауға уәде берді.


Автор
Еркебұлан