Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әдетте әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетіні хабарланады

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алаяқтар танымал әнші Қайрат Нұртастың атын жамылып, қазақстандықтарды алдап жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлады.  

Әдетте алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлайды. Ал кейбір аңғал желі қолданушылары парақшаның атын да оқымайтын көрінеді.    

"Мына өтірік парақшалар біздің атымызды пайдаланып, жұртты алдауды табыс көзіне айналдырып алған. Былтыр жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салып жатыр. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер, сенбеңіздер", - деп жазды  Гүлзира Айдарбекова.

Оның айтуынша, ақшасынан айырылып, шырылдап жатқандар көбеюде.

"Біздің нағыз парақшамызда көк "галочка" бар екенін ұмытпаңыздар", - деп ескертті әншінің анасы.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр