Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Боранбаев ресми түрде мемлекетке 35 миллиард теңгеге мұнай компаниясын қайтарды

Қайрат Боранбаев ресми түрде мемлекетке 35 миллиард теңгеге мұнай компаниясын қайтарды

Бұрын Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет балансына көшті. Мұны ресми құжаттама растайды.

1 тамызда KASE сайтында жарияланған акционерлер тізілімінен үзінді көшірмеге сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша "Phystech II" АҚ Жалғыз акционері — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Компанияның барлығы 18,5 млн акциясы бар, оның ішінде биржада 13 749 100 дана орналастырылған.

Phystech II компаниясы сотталған олигарх Қайрат Боранбаев мемлекетке беру туралы жариялаған алғашқы активтердің бірі болды. Акционерлік қоғам Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді, оның құны 35,5 млрд теңгеге бағаланды. Phystech II-ні олигарх "ҚазТурбоРемонт" холдингтік компаниясы арқылы бақылап отырды.

Фото: Instagram/kairat4

Автор
Еркебұлан