Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалды

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Швеция және Нидерланд Корольдігіндегі елшілерді ауыстырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Президент Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен бостатылды. Бұл лауазымға Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов тағайындалды.

Сондай-ақ Тоқаев Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановты Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.

Бұған дейін Нидерландтағы Қазақстан елшісінің қызметінен босатылмастан қоштасу кешін ұйымдастырғаны туралы ақпарат тараған еді.

Автор
Данияр