Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайын жұртын өлтірген күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев неше жылға сотталуы мүмкін?

Қайын жұртын өлтірген күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев неше жылға сотталуы мүмкін?
smartnews.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Атырау облысында төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қандай жаза тағайындалуы мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alashorda.kz.

Журналистер "төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген адам қанша жылға сотталуы мүмкін?" деген сұрақ қойған кезде депутат нақты баптың санкциясын жатқа білмейтінін, алайда мұндай қылмыс үшін қатаң жаза қарастырылатынын айтты.

"Баптың нақты санкциясын толық білмеймін. Бірақ 12 жылдан жоғары болуы керек. Бұл – аса ауыр қылмыс", – деді Үнзила Шапақ.

Еске салайық, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысының полициясы із-түссіз жоғалған бір отбасының төрт мүшесін іздеуге жариялаған болатын. Кейіннен сол отбасының қызы мен күйеу баласының да жоғалып кеткені белгілі болды.

Іздеу жұмыстары барысында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өздері тұрған үйдің ауласынан табылды. Тергеу кезінде отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев негізгі күдікті ретінде танылды. Ал оның жұбайы, жоғалған отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеу жарияланған.

Кейін күдіктілер Индонезия аумағында қолға түсті. Оларды ұстау операциясына Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі қатысқан.

Полиция мәліметіне сәйкес, Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барған. Кейін олар Ломбок аралына көшіп, сол жерде ұсталғанға дейін тұрған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер