Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайын жұртын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі сотқа түсті

Қайын жұртын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі сотқа түсті
ашық дереккөзден

Қайын жұртын өлтірді деген күдікпен тергеліп жатқан атыраулық Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы мәлімет сот кабинетіндегі деректерде көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізеді. Айта кетейік, дәл осы судья бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған Яна Легкодимова ісін қарап, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істің нақты қай баптар бойынша қаралатыны әзірге ашық жарияланбаған. Сот кабинетінде қылмыстық істің көпшілікке қолжетімді еместігі көрсетілген.

Сонымен қатар сотталушылар тізімінде қаза тапқан отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның аты-жөні жоқ екені назар аудартты.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс судьяның қарауына 8 мамыр күні берілген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер