KZNews.kz
Жаңалықтар

Қай өңірлерде 35 градусқа дейін аяз болады

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөзден

Қазақстанға қыстың алғашқы аязы келе жатыр. Ауа райын болжаушылар 9 желтоқсанда еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде күн күрт суытып, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады.

Қазақстандықтардың көбі 9 желтоқсаннан қыстың алғашқы ызғарын сезіне алады. «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді.

- Алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтап, күн күрт суытады. Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде минус 22–30 градусқа дейін, шығыста минус 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 10–20 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлады ауа райын болжаушылар.

Суық аға ағындары ең әуелі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары аумағына өтіп, одан соң Қарағанды, Жезқазған, Абай, Шығыс Қазақстан өңірлеріне, елдің шығыс-оңтүстік, шығыс аймақтарына жылжиды.

Солтүстік облыстардың басым бөлігінде бұл күндері аязбен қоса, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.

Еліміздің төтенше жағдайлар қызметі аталған өңірлердің тұрғындарына аязды күндері сақ болуды, алыс сапарға шықпауды ескертеді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →