Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путиннің "ядролық чемоданын" ұстаған күзетшісін атып кетті — БАҚ

Путиннің "ядролық чемоданын" ұстаған күзетшісін атып кетті — БАҚ

РФ Президенті Владимир Путиннің күзетшісі болған және онымен бірге «ядролық чемодан» алып жүрген ФСБ полковнигі Вадим Зимин ауруханаға оқ жарақатымен түскен.

Оның ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды.

Mirror басылымы хабарлағандай, қазір ол ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зимин Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы пәтерінде 20 маусымда жаралы күйде табылған, оның жанында 79-9ТМ травматикалық тапанша болған. Оны ағасы тауып алған. Бұл кезде оның азаматтық некеде тұратын әйелі қасында болмаған.

Зимин Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істегені белгілі.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Зимин кеден қызметінде жұмыс істей бастағаннан кейін пара алды деген айыппен қылмыстық істі тергеуге байланысты үй қамауында болған. Ол түрмеде жазасын өтеуге тиіс.

Автор
Айбар