Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин Қазақстанға кесапатты сөз айтқан Кеосаянды жазалағы жатыр ма?

Путин Қазақстанға кесапатты сөз айтқан Кеосаянды жазалағы жатыр ма?

Қазақстан туралы кесапатты сөз айтқан Кеосаян бәрін әзілге бұрып, белгілі бір мемлекетке тіл тигізген ауыр сөздерінен жеңіл құтылып кетпекші.

Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян «кеңестік» Қазақстанға келуге уәде берді.

– Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бұл күлкілі, жай ғана күлкілі. Мүмкін мен олардың үрейлеріне тиген шығармын. Демек, мен журналистің жұмысын дұрыс орындадым. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Мен туып-өскен туған Қазақстаныма, менің кеңестік Қазақстаныма міндетті түрде келемін, – деді Кеосаян.

Еске салайық, 24 маусым күні отандық БАҚ Кеосаянның лаңкестермен бір тізімге енгізілгенін хабарлаған болатын. Бұған дейін Кеосаян телебағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, ашық сөйлеген еді. Бір қызығы, ол «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі.

Автор
Айбар