Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Прокатқа шығатын фильмдерді әуелі арнайы комиссия көріп, тексеруі мүмкін

Прокатқа шығатын фильмдерді әуелі арнайы комиссия көріп, тексеруі мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмге прокаттау куәлігін берудің тәртібіне өзгерістер енгізбекші.


Бұл өзгеріс кинотеатрға шығатын фильмдердің мазмұнын реттеп, толыққанды бақылауды енгізу үшін, сондай-ақ прокаттау куәлігін беру жөнінде алқалы шешім қабылдау үшін ұсынылып отырғаны айтылған.

«Кинематография саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы фильмдерді прокаттау куәлігін алар алдында олардың қарауын ұйымдастырады. Кинотеатрға шығатын фильмдерді көру кинематография саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған, уәкілетті органның, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдерінен тұратын комиссиямен жүзеге асырылады», - деп жазылған 26 маусымға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отырған құжат жобасында.

Автор
Еркебұлан