Аталған видеоны Telegram-арнасына журналист Әділ Балтабаев жүктеген. Видеодан сахнада белгілі әнші Садраддин "Ана" әнін балалар хорының сүйемелдеуімен айтып жатқанын көруге болады. Сонымен бірге журналист кадрда әннің қайырмасын айтып тұрып, көз жасын тоқтата алмаған баланы да көрсетті.
Кадр видеодан: t.me/baltabayev/3457"Президент бүгін Халықаралық әйелдер күніне арналған концертке қатысты. Онда Садраддин ән айтты, онымен бірге сахнаға К.Бәйсейітова атындағы ҚазҰӨУ мектебінің хоры да шықты. Бір кезде мен хор солистерінің бірі көзіне жас алғанын байқадым. Концерттен соң хор жетекшісімен тілдестім. Баланың есімі Дінмұхамед екен. Димашта бәрі жақсы. Тек сахнада тұрып анасын есіне алып, эмоциясын жасыра алмай қалғанын айтты", - деп жазды журналист.