Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев деген кім

Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев деген кім

V шақырылымдағы мәжілістің бұрынғы депутаты Жұматай Әлиев президенттік бәсекеде бағын сынап көрмек

НҰР-СҰЛТАН, 28  сәуір— Sputnik. "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі президенттікке экс-депутат Жұматай Әлиевтің кандидатурасын ұсынды. Ол  құжаттарын жексенбі Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Жұматай Әлиев сайлауға түсуге келісетіні туралы өтініш жазған. Комиссия есепшотына сайлау жарнасы (2 миллион 125 мың теңге – Sputnik) түсті.  

© Foto : официальный сайт Мажилиса

Жуматай Алиев

Жұматай Әлиев деген кім?

Жұматай Әлиев – V шақырылымдағы парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты.

Ол 1952 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысы Байқадам ауылында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін философ, ал Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.

Еңбек жолы

Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.

Әр жылдары Орталық Азия университетінің президенті, ректоры, ҚР президенті әкімшілігі қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, президент әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2012–2016 жылдары бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.


sputniknews.kz
Автор
Санжар

Журналист