Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президентікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс берді

Президентікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс берді

Президент болуға үміткер кандидат сайлау учаскесіне әйелімен берге келген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан Амангелді Таспихов дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кандидат сағат таңғы 9-да ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне әйелі Эльмира Таспиховамен бірге келіп, дауыс берді.

"Көңіл-күйіміз жақсы, сергекпіз. Халықтың қолдауын сезіп отырмыз. Олар кәсіподақтар ұйымына сенім артып отыр. Біздің сайлаудағы позициямыз қолдау тапты. Бұл бізге күш беріп, сенімімізді арттырады. Сондықтан көңіл-күйіміз көтеріңкі", - деді Таспихова.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

© Sputnik /

Президентікке үміткер жеті кандидат


sputniknews.kz
Автор
Мадияр