Агрологистика + агроөндіріс: терең өңдеудің тетігі кімнің қолында?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Жолдауы: Ұлттық қордан бөлінетін 6,5 триллион теңге қайда жұмсалады?

Президент Жолдауы: Ұлттық қордан бөлінетін 6,5 триллион теңге қайда жұмсалады?
Фото: aqorda.kz

Халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлуді тапсырды. Қаражат әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталмақшы.

Мұндағы негізгі бағыттар энергетика, көлік, су жүйелері және цифрлық инфрақұрылымды дамыту болмақ. Атап айтқанда, электр станциялары мен желілерді жаңарту, жолдар мен теміржолдарды дамыту, ауызсу және кәріз жүйелерін жақсарту, ауылдарға интернет жеткізу көзделген.

Алайда, 6,5 триллион теңгенің әр салаға және нақты жобаларға бөлінетін үлесі әзірге көрсетілген жоқ.ұлттық Сондықтан басты мәселе қаражаттың қанша жұмсалатыны ғана емес, оның нәтижесі қандай болатынына қатысты екені анық. Ал жақын күндері Үкімет әр жобаның құнын, мерзімін және орындалу нәтижесін ашық көрсетіп, өз жоспарын жариялауға тиіс.

Жалпы, елімізде ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық мүмкіндік бар. Президент өз Жолдауында Халықаралық валюта қорының болжамына сүйеніп, биыл елдің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайтынын, жан басына шаққандағы көрсеткіш 19 мың доллардан асатынын атап өтті.

Президенттің мәлімдеуінше, Қазақстан экономикасы көлемі бойынша әлемде 47-орынға көтерілді. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14 пайыздан асқан. Ал алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі 130 миллиард доллардан асқан. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, Мемлекет басшысы елдің қаржылық әлеуетін инфрақұрылымды дамытуға және өңірлерді көркейтуге бағыттау қажеттігін айтты.

- Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді, – деді Президент.

  Жоспар аясында бүкіл ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар, биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге қарастыру тапсырылды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.