Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент және Құрылтай туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі

Президент және Құрылтай туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі
Фото: Informburo.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше конституциялық заң жобасын қарау туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, олар Қазақстан Республикасының Президенті туралы конституциялық заң, Қазақстан Республикасының Құрылтайы туралы заң және Құрылтай депутаттарының мәртебесіне қатысты заң жобаларын талқылауды қолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, Президент туралы заң жобасы республикалық референдумда қабылданған Конституция талаптарына сәйкес әзірленген. Құжат Мәжіліске Президенттің арнайы Жолдауы негізінде заңнамалық бастама тәртібімен енгізілген.

Депутаттың сөзінше, Қазақстан Республикасының Президенті туралы конституциялық заң жобасы Президент пен вице-президенттің құқықтық мәртебесін айқындайды. Жоба сегіз тараудан және 43 баптан тұрады.

Сонымен қатар, бұл конституциялық заң жобасын қарау үшін Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы өтпек. Ол үшін әр палата арнайы комиссия құрамына өз өкілдерін сайлауы қажет.

"Осыған байланысты аталған заң жобасы бойынша Мәжілістен бірлескен комиссия құрамына депутаттар Әшімжанов, Ерубаев, Казанцев және Шапақтың кандидатураларын ұсынамыз. Сондай-ақ депутат Әшімжановты Мәжіліс тарапынан осы заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы етіп тағайындауды ұсынамыз. Баяндалғанды ескере отырып, аталған заң жобасын жұмысқа қабылдауды және аталған депутаттарды бірлескен комиссия құрамына сайлауды ұсынамыз", - деп толықтырды депутат Имашева.

Сонымен қатар Құрылтай  және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасы қарауға қабылданды.

"Заң жобасы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған. Заң жобасы 12 тарау және 60 баптан тұрады", - деді Снежанна Имашева.

Мәжілістен бірлескен комиссия құрамына депутаттар Балабиев, Бапи, Бәшімов, Пономарев сайланды.

Еске салайық, шілдеде республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енеді. Ал тамыз айында Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауы жоспарланған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі