Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мұғалім мобилограф та, күзетші де емес” - “Педагог мәртебесі туралы” заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

“Мұғалім мобилограф та, күзетші де емес” - “Педагог мәртебесі туралы” заңға  қандай өзгерістер енгізіледі?
Фото: gov.kz

Аймағанбетовтің айтуынша, енді ұстаздар құжаттарды қағаз және электрон форматта қатар толтыруға міндетті болмайды.

«Қайталанатын есепке – тоқтау. Құжат бір рет, бір жүйеге ғана енгізіледі», – деді депутат.

Сонымен қатар, мұғалімдерді әлеуметтік желіде парақша жүргізуге немесе сабақтан фото-видео жариялауға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Бұл әрекет енді тек ерікті түрде жүзеге асады.

Заң жобасында педагогтың міндетіне жатпайтын функциялар нақты айқындалған. Мұғалім оқушының мектептен тыс әрекеті үшін жауап бермейді.

«Мұғалім күзетші де, детектив те емес», – деп атап өтті Аймағанбетов.

Сондай-ақ, мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейіп, тәрбие ісі екі тараптың ортақ жауапкершілігіне айналады.

Жаңа түзетулер мұғалімдерді психологиялық және физикалық қысымнан қорғауды да қамтиды. Педагог мәртебесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды.

«Мұғалім мобилограф немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты міндеті – баланы оқыту», – деді депутат.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.