ка

Президент сайлауы 2019: Төлеутай Рақымбеков дауыс берді

09.06.2019 12:45
0
2

Төлеутай Рақымбеков Ұлттық музейдегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 10:00-де келді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. "Ауыл" партиясы атынан сайлауға түскен Төлеутай Рақымбеков өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кандидат Ұлттық музейдегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 10:00-де келген.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

Рақымбеков сайлауға отбасымен бірге келді. Жанында әйелі Салтанат Рақымбекова, қызы – Әлия Рақымбекова мен Тимур және Әлихан есімді екі немересі болды. Бүгін Әлиханның туған күні екен. 

© Foto : Штаб кандидата Толеутая Рахимбекова

Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков жары, қызы және немерелерімен бірге

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді.

Айта кетсек, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

© Sputnik /

Президентікке үміткер жеті кандидат

Учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр. Президенттікке кандидаттардың бәрі өз таңдауын жасады.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий