"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент көмекшісі ауысты - Президент

Президент көмекшісі ауысты - Президент

Астана, BAQ.KZ. Президент. Е.К. Жамаубаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 29 қараша № 796" - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, бұған дейін осы міндетті атқарған Тимур Жақсылықов Мемлекет басшысының жарлығымен орнынан босатылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды" - делінген хабарламада.

  Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Мадияр