«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

президент кімдердің өтініші ескерілетінін айтты

президент кімдердің өтініші ескерілетінін айтты

Мемлекет басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы қайта қалыптастырылып жатқанына тоқталды

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен сөйлесті. Әңгіме барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды, деп жазады Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

"Әрбір дағдарыстың өз сабағы болады. Оны ескеру керек. Біз қазіргі дағдарыс пен пандемиядан сабақ алып жатырмыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін дамытуға және оны қолдауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Әрине, оның белгілі бір себептері бар", - деді президент.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы қайта қалыптастырылып жатқанын айтты. 

"Қажетті реформалар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, бас санитар дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі",- деді мемлекет басшысы.

Екі аптада салынған астанадағы модульдік аурухана

Әңгіме барысында медицина қызметкерлері мемлекет пен президентке алғыс айтты. Сондай-ақ дәрігер-инфекционистердің еңбек ақысын арттыру мәселесін көтерді.

"Біз қазір бюджеттің барлық қаражатын шоғырландырып жатырмыз. Сіздер Қазақстанның осыған дейін қалыптасқан дәстүрлі нарығының құлдырағанын түсінуге тиіссіздер. Бюджетке түсуге тиісті қаржының негізгі бөлігін толық ала алмай отырмыз. Дегенмен осындай күрделі қаржылық қиындықтарға қарамастан, сіздердің өтініштеріңізді қараусыз қалдырмаймыз",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев


sputniknews.kz
Автор
Айбар