НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында 45 адам орден, 53 адам медаль мен 3 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
І дәрежелі "Даңқ" орденімен Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ІІ дәрежелі "Даңқ"" орденімен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев марапатталды.
ІІ дәрежелі "Айбын" ордені ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, мемлекеттік күзет қызметінің президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары – 14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, қорғаныс министрлігі бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы Төлеуқан Нұрқанов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньковке берілді.