Мүслім Алтынбаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың қазанында тағайындалған еді
Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мүслім Алтынбаевты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
Ол бұл қызметке 2017 жылдың қазанында тағайындалған еді.
Мүслім Алтынбаев - бұрынғы қорғаныс министрі, экс-сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.
Генерал-майор Мүслім Алтынбаев 1966 жылы туған. Ол Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін, Ресей қорғаныс министрлігінің әскери академиясын, АҚШ қарулы күштерінің ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген сайтта жарияланған ақпаратта.

Мүслім Алтынбаев