Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Алматы әкімін отставкаға жіберу туралы талапқа қатысты пікірін айтты

Президент Алматы әкімін отставкаға жіберу туралы талапқа қатысты пікірін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалардан кейін Алматы әкімінің отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Тоқаев Сағынтаев өз қызметінде қалатынын айтты.

"Сіз әкімнің қалуын қалайсыз ба? Әкімге келетін болсақ, ол өмірде алғаш рет қиын жағдайға тап болды. Мұндай жағдайда бәрі бірдей шешім таба бермейді. Мен оны кінәламас едім, ол - қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам. Бірақ мен алматылықтардың көңіл-күйін ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыт келеді", - деп жауап берді журналиске Тоқаев.


Айта кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне қарулы шабуыл жасалған. Шабуыл кезінде кортеждегі "Алматы" телеарнасының көлік жүргізушісі қаза болды. Ал әкімнің екі бірдей орынбасары жарақат алған. Кейін Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл: "Алматы" директоры оқиғаның мән-жайын айтып берген.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді.

Автор
Нұрсұлтан