«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент: Әкімдер мен министрлер бюджетті таусылмайтын қазынадай көреді - Қазақстан жаңалықтары

Президент: Әкімдер мен министрлер бюджетті таусылмайтын қазынадай көреді - Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сурет: Айқын газеті

Кездесу барысында президент кейбір әкім мен министрдің бюджет ақшасына немқұрайлы қарайтынын айтты. 

"Кейбір әкім мен министр бюджетке қазынасы таусылмайтын қоржындай қарайды. Бізде қажетсіз шығындар көп", - деп келтірді Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау белсенділерімен кездесу барысында мемлекетті дамытудағы дәстүрдің орнына тоқталды. 

"Бұл - мемлекеттің дамуындағы басты кепілдік. Әйтпесе, тұрықтылық та, даму да болмайды. Ұлы дала демократиясы әрдайым әділдікті ұстану принципінен басталады. Мұны жоғалтсақ, адамзат пен ұлт жойылады. Біздің дана халқымыз әрдайым "Әділдік жолы – ауыр жол" деп айтатын. Бірақ біз үшін басқа жол жоқ. Мемлекеттік саясат бірінші кезекте осыны ескеруі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
 


stan.kz
Автор
Арман