Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Премьер-министр отставкаға кеткісі келеді

Премьер-министр отставкаға кеткісі келеді

Жапония үкіметін ұзақ басқарған премьер-министр Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кетуге ниетті.

Өткен аптада Синдзо Абэ Токиодағы ауруханаға барған. Кейін бір аптадан соң 24 тамызда ауруханаға қайта барыпты.

Үкімет басшысы бұл жағдайды денсаулығына байланысты талдау нәтижелерін алу үшін деп түсіндірген. Дәрігерлер Синдзо Абэге "ойық жаралы колит" диагнозын қойған. Бұл - тоқ ішектің шырышты қабығының созылмалы қабынуы. Бұл ауру Абэнің  2006 жылы отставкаға кетуіне себеп болған.

Алайда кейін оның денсаулығы жақсарып, 2012 жылы Жапония премьер-министрі болып қайта сайланған. 24 тамызда Синдзо Абэнің үкімет басшысы қызметін атқарғанына 2799 күн болған. Бұл жапон премьер-министрлерінің ішіндегі ең ұзақ мерзім болып саналады.

Осы аптаның басында премьер-министр баспасөз мәслихатын өткізетінін жариялаған. Бірақ ондағы тақырып жаңа коронавирус инфекциясына байланысты болды. Дүйсенбіде Абэ созылмалы ауруының асқынғанын білген.

Осыған байланысты жапониялық үкімет басшысы "саяси шешімдер қабылдауға денсаулығы әсер етпеуі" үшін отставкаға кетуге шешім қабылдаған.

tengrinews.kz

Автор
Айбар