ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Премьер-министр: Елде коронавирустың екінші толқыны басталды

Премьер-министр: Елде коронавирустың екінші толқыны басталды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Independent басылымы жазды.


"Енді біз екінші толқынмен бетпе-бет келеміз ... Бұл сөзсіз орын алады - өз елімізде осындай жағдайға тап боламыз", - деді премьер-министр.

Ол COVID-19 инфекциясының жаңа толқыны «Францияда, Испанияда, бүкіл Еуропада» басталғанын атап өтті.

Алайда Джонсон билік «жағдайды бақылауда ұстайтынын» айтып сендірді.

"Мен ауқымды оқшаулау шараларын енгізгім келмейді, біз мектептерді ашық қалдырғымыз келеді, ал білім беру мекемелерінің жұмысы бұрынғы деңгейге оралғаны тамаша нәтиже. Біз экономиканы мүмкіндігінше ашық ұстағымыз келеді, бизнестің дамығанын қалаймыз", - дейді премьер-министр.

Джонсон, сонымен қатар, ұлттық карантин енгізу «кез келген адам қалайтын соңғы шара» екенін баса айтты.

Автор
Айбар