Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Порошенко мен Зеленскийдің командасы дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті

Порошенко мен Зеленскийдің командасы дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті

Украина президенттігіне кандидат Петр Порошенко мен Владимир Зеленскийдің командалары дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті. Бұл туралы Порошенко штабының өкілі Олег Медведев хабарлады.

Оның сөзінше, екі тарап қазір қауіпсіздік мәселелері мен дебаттың регламенттерін ақылдасып жатыр. Медведев "Порошенко мағыналы дискуссия болғанын қалайды, ал Зеленский дебатты шоу форматында өткізгісі келеді" деді.

  • Сайлаудың екінші кезеңіне өткен соң Зеленский Порошенконы дебатқа шақырған. Порошенко бірден келісім берген. Дебат 14 сәуірге белгіленіп, Киевтегі "Олимпиский" стадионы дебат өтетін жер ретінде таңдалған.
  • 14 сәуірге белгіленген дебатқа Порошенко келген. Бірақ Зеленский "дебатты өз мақсатына пайдаланғысы келетін күштер бар" деп стадионға келмеді. Порошенко жақтастарының алдында сөз сөйлеп, журналистерге сұхбат берген.
  • Саулаудың бірінші кезеңінде дауыс берушілердің 30 пайызы Зеленскийді, 15 пайызы Порошенконы қолдаған. Киев халықаралық институтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, екінші кезеңде сайлаушылардың 72 пайызы Зеленскийге дауыс беруге дайын.
  • Украина президенті сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірде өтеді.

Azattyq
Автор
Жандос