Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция желіде таралған екі еркектің видеосын тексеріп жатыр

Полиция желіде таралған екі еркектің видеосын тексеріп жатыр

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Желіде қызу талқыланған видеоға қатысты сараптама жүріп жатыр. Бұл видеоның қандай ұялы телефонның IP-мекен-жайынан жіберілгені анықталатын болады

ПАВЛОДАР, 7 қазан - Sputnik. Павлодар облысында әлеуметтік желілерде тарап кеткен екі жалаңаш ер адамның видеосына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті Sputnik Қазақстан-ға.

"Полиция департаментіне Павлодар облысы сотының қызметкері арыз жазды. Ол әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратылып жатқанын айтқан. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиғаға қатысты бірқатар сараптама жүргізіліп жатыр. Сот қызметкері мен видеодағы ер адамның бір-біріне ұқсастығы тексерілуде.

Сондай-ақ, полицейлер бұл видео түсірілуі мүмкін деген облыстағы қонақүйлер мен сауналарды тексерді. Алайда видео түсірілген жер әлі анықталмаған.

Тағы оқыңыз: WhatsApp-та жалаңаш видеосы тараған қазақ актері мән-жайды түсіндірді

Бұған қоса, WhatsApp мессенджері арқылы видеоны таратқан телефонның IP мекен-жайы тексеріліп жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан

Журналист