Қысқа сілтеме алу
Полицейлер белсендінің өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғанын айтып отыр. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті Sputnik Қазақстанға.
"Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында 1977 жылы туған қоғам белсендісімен бірге тағы төрт адам болған. Олар Дулат Ағаділге зорлық-зомбылық жасалмағанын айтты", - дейді полицейлер.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, қоғам белсендісі ұсталған кезде мас болған.
Полицейлер белсендінің өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғанын айтып отыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
sputniknews.kz