Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция балконда ән айтатындарға ескерту жасады

Полиция балконда ән айтатындарға ескерту жасады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Департамент басшысы карантин кезінде балалар қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Елорданың полиция департаменті балконнан ән айтатындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ержан Сәденовтың айтуынша, карантин енгізілгелі қаланың түнгі тыныштығын бұзу әрекеттері жиілеген.

"Біз карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23:00-ден кейін тыныштықты сақтауды сұраймын. Бұл ескертудің,  әсіресе терезеден және балконнан ән айтуға қатысы бар. Тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қаперлеріңізге саламын", – деді Сәденов бүгінгі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, полиция департаментінің басшысы міндетті түрде медициналық бетперде тағуға қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі кезде медициналық масканы тағу-тақпауға қатысты сұрақтар көп. Масканы тағу керек. Өйткені, сіз вирусты инфекцияны тасымалдауыңыз немесе оны жұқтырып алуыңыз мүмкін", – деді Сәденов.

Оқи отырыңыз: Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео

Оның айтуынша, адам ауырып жүргенін біле тұра бетперде кимесе, қылмыстық жазаға тартылады.

"Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді. Бұл – карантин режимінің нормасы", – деп атап көрсетті Нұр-Сұлтан қаласының бас полицейі.

Сондай-ақ, департамент басшысы карантин кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды өтінді. Себебі, төтенше жағдай кезінде қалада екі бала терезеден құлап, біреуі мерт болды.


sputniknews.kz
Автор
Айбар