Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пітір садақа 2020

Пітір садақа 2020

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал, дейді діни басқармадағылар

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті.

Астанада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен діни басқармасының Рамазан айы қарсаңындағы дәстүрлі төралқа мәжілісі өтті.

"Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді", - деп хабарлады muftyat.kz.

Пітір садақаның құны ұнның республикадағы орташа нарықтық бағасымен шығарылды.

"Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал", - деп атап өтті діни басқармадан.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады.


sputniknews.kz
Автор
Айбар