Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Пирожки пісіріп, бізге әкеліп беретін": Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің көршісі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

"Пирожки пісіріп, бізге әкеліп беретін": Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің көршісі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты күдікті ретінде аталған Сұлтан мен Ақбаянның бұрынғы көршілері өз естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашеваға оқиға болған үйдің бұрынғы тұрғындарының бірі хат жолдаған. Оның айтуынша, 2023 жылы сол үйдің бір бөлігін жалдап тұрған кезде Сұлтан мен Ақбаян олардың көршісі болған. Сырт көзге олар өте жуас, қарапайым әрі тыныш отбасы болып көрінген.

Көршісі: — Саламатсыз ба! Біз 2023 жылы сол үйдің екінші жағын жалдап тұрдық. Сұлтан мен Ақбаян біздің көршіміз болды. Олар көшіп келгеннен кейін екі ай өткен соң, біз басқа жаққа кетіп қалдық. Қазіргі жаңалықтарды көріп, қатты қорқып отырмыз. Бізді бір Алла сақтап, уақытында көшіп кеткен екенбіз. Олар бізге өте жуас отбасы болып көрінген еді. Сұлтанның Наурыз есімді ағасы да келіп тұратын, оны да көріп жүрдік.

Сұрақ: — Қайырлы кеш! Жақын араластыңыздар ма?

Көршісі: — Иә, жақсы араластық. Жұма күндері бауырсақ, пирожки пісіріп, бізге әкеліп беретін. Бізден стол алып тұратын. Тоңазытқыштары болмай, біздің үйге еттерін салып жүрді. Ақбаянның мінез-құлқынан ешқандай оғаштық байқалмады, өте таза, үйін жинап, ақтап жүретін еді.

Сұрақ: — Марқұмдар ата-анасымен араласып тұрды ма?

Көршісі: — Иә, Ақбаянның анасы келіп, балаларын қарасып жүретін. Оны да, ағасы Наурызды да жиі көретінбіз.

Сұрақ: — Сұлтанның мінезі қандай еді? Жолдасыңыз онымен жақын араласты ма?

Көршісі: — Сұлтан да өте жуас бала болатын. Тіпті жолдасым түнгі ауысымда жұмыс істегенде: «Екі кішкентай ұлым мен қызым үйде жалғыз қалады, Сұлтан, қарап қойшы», — деп оған сеніп тапсырып кететін. Ол кезде үй жалдау бағасы қолжетімді болған соң тұрдық. Кейін жолдары батпақ болғасын, 2023 жылдың жазында көшіп кеткен едік. Қазір ойлап отырсақ, «үндемейтін жуас адамнан қорқу керек» деген рас екен. Адамнан қорқатын заман болды ғой.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер