Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Петропавлда көлік аялдамада тұрған бес адамды қағып кетті

Петропавлда көлік аялдамада тұрған бес адамды қағып кетті

Петропавлда жеңіл көлік қаланың қақ ортасындағы аялдамаға соғылып, бес адамды қағып кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Жарақат алған бір тұрғынның жағдайы ауыр.

Көлік соғардан санаулы секунд бұрын аялдаманың ашық күркесінде он шақты адам тұрған. Орталық базардың қасында болғандықтан, бұл жерде адам қарасы үзілген емес. Жолдан қиғаш кеткен Хонда көлігі тура аялдамаға қарай зулайды.

Автобус күткен адамдарды қағып, дүкенге соғылып бір-ақ тоқтаған. Куәгерлердің сөзінше, көлік тізгінінде әйел болған. Оның неліктен рульге ие бола алмай қалғанын әзір ешкім білмейді. Жарақат алған үш тұрғын ауруханада жатыр.

"Тарс еткен дыбысты естідім. Бірден сол жерге адамдар жиналды. Үш адамды жедел жәрдем алып кетті. Тәртіп сақшылары бәрі тірі деп айтты. Көлікте әйел адам болды”, – дейді куәгерлердің бірі.

Автор
Әлихан