KZNews.kz
Қоғам

Петропавлда бес көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді

Ayzhan Sylanova
Фото: СҚО ПД/Видеодан скрин

Облыстық ПД мәліметінше, оқыс жағдай жексенбі күні сағат 17:40 шамасында орын алған. «Lada» жүргізушісі жылдамдықты дер кезінде бәсеңдетпей, алдында тоқтап тұрған «Nissan Teana»-ға соғылған. Соққыдан кейін «Nissan» «Kia Sportage»-ке түйіскен.

Осы уақытта сол бағытта келе жатқан тіркемелі «ГАЗель» жүргізушісі «Lada»-ны айналып өтпек болып, бұрылысқа дайындалып тұрған «Kia Rio»-мен соқтығысқан.

Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ. Барлық көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілер кінәсіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қала көшелеріндегі қарбаласта жылдамдықты сақтау және арақашықтықты дұрыс ұстаудың маңыздылығын ескертті. Сондай-ақ «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары жалғасатынын атап өтті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары