ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Перзентханадан келе жатқан: Шымкентте жан түршігерлік жол апаты орын алды

Перзентханадан келе жатқан: Шымкентте жан түршігерлік жол апаты орын алды

17 мамырда Шымкентте жан түршігерлік жол апаты орын алды. Апат салдарынан 1 адам қаза болып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық ІІБ 17 мамыр күні сағат 21:10 шамасында жол қиылысында «Мерседес-Бенц» пен «Тойота Ланд Крузер» көліктері соқтығысты» деп хабарлады. Оқиға орнынан екі жүргізуші мен Mercedes көлігінің үш жолаушысы, оның ішінде бір әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Кейін ол есін жимай қайтыс болды.

«Жол апаты фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда» деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.

Отырар басылымының хабарлауынша, көліктердің бірінде жаңа туған нәресте болған. Отбасы перзентханадан үйге келе жатқан. Нәресте аман қалған. Бұл туралы дәрігерлер хабарлады.

(Фото orda.kz)

Автор
Айбар