Қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпар берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Комитет сотталғандардың жазасын қай мекемеде өтеп жатқаны туралы мәлімет олардың жақын туыстарына ғана берілетінін атап өтті.
Еске салайық, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қаражаттың бір бөлігін қымбат жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға, сондай-ақ шетелдік сапарларға жұмсаған.