"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Пердесі онша емес": Гүлзира Айдарбекова үйіндегі қазақ бөлмесін қалай безендіргенін көрсетті

"Пердесі онша емес": Гүлзира Айдарбекова үйіндегі қазақ бөлмесін қалай безендіргенін көрсетті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова пәтеріндегі бір бөлмесін қазақша стилінде қалай безендірілгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Медиа менеджер жеке парақшасында видео жүктеді.

Астанадағы шаңырағымыздағы қазақша бөлмемізге сапалы сандық, көрпеше, үстел тапсырыс бердік. Сіздер де бағасын бере кетіңіздер! Бір бөлмені болса да қазақша бөлме жасасам деп ниеттенген кісілерге көрсетіп жатырмын. Әр шаңырақтан қазақи дәстүрімізге тән дүниенің иісі шығып тұрған барша қазағыма, қонақтарымызға да ұнайтынына толық сенімдімін. Үй салып жатсаңыздар не бөлмеге өзгеріс енгізсеңіздер, келешек ұрпағымыздың бойына сіңірген, бағалы байлығы болатын дүниелер үшін, әр отбасына мән беріп қарауларыңызға кеңес беремін!”, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа бөлменің дизайнын қызу талқылап жатыр.

“Бөлмеңіз әдемі, енді өзіңіз де қазақша киім киіп жүріңіз”, “Пердесі онша емес, ауыстыру керек сияқты”, “Дастарханды да қазақша тігу керек”, “Қандай керемет шаңырақ”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған келініне жуық арада көмектеспейтінін жасырмады.

Автор
Данияр