Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарлық эпидемиологтар 20 қытайлық ойыншықты тәркіледі

Павлодарлық эпидемиологтар 20 қытайлық ойыншықты тәркіледі
Ертіс өңірінің эпидемиологтары қытайлық ойыншықтарды бала денсаулығына қауіпті деп таныды. Мамандар ойыншықтардың 85 түрін тексеріп, олардың қатарында аллергиялық ауруларды тудырады деген байламға келді.
 


Мәселен, Лол есімді қуыршықтың құрамында стерол мен формальдегид көлемінің артық екені анықталды. Бүгінгі күні ойыншықтың 20-дан астам үлгісі сатылымнан алынды.

Павлодар облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті техникалық регламентті бақылау бөлімінің басшысы Ғалымбек Алиннің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға сәйкес стерол мен формальдегидтің нормадан тыс болғаны белгілі болған.

«Бұл зиянды заттар аллергиялық ауруларға душар етіп, балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Осы тектес ойнышықтарды саудалаған бизнес өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, яғни, айыппұл салынды. Осындай ескертулер украиналық және ресейлік ойыншықтарға да қатысты болды. Тауарлардың барлығы қауіпті деуге негіз жоқ. Сатып алушылар өнімнің сертификатын талап ету керек. Құжат болмаса, күмәндануға болады», - дейді маман.

Мамандардың айтуынша, тексерілген 85 ойыншық түрінің 25%-ы қате таңбалау салдарынан техникалық регламенттерге сәйкес болмай шықты. Тауарлардың қораптарында Еуразиялық экономикалық Одақ нарығы айналымындағы бірыңғай белгісі мен мемелкеттік тілдегі ақпарат жоқ.

Айта кетейік, ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары