Павлодарлық алты жасар "генерал" Қазнет қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Instagram желісінде генаралдың формасын киген баланың видеосы танымал бола түсті. Бала полиция генералы болатыны туралы сеніммен айтып, қару-жарақ түрлерін еш кідірместен тізіп береді және тапанша мен Калашников автоматының қандай бөлшектерден тұратынын, офицерлік шеннің тізбегін атап шығады. Сонымен қатар, ол республикаға танымал болған полицейлер мен генералдардың аты жөні мен шенін айтады.